Денсаулық сақтау министрлігі халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялау туралы 15 наурыздағы тың ақпаратпен бөлісті.
І-ші компонентпен вакцинацияланған адамдардың жалпы саны - 69 095 адам. 2-компонент бойынша егілгендердің жалпы саны - 18 807 адам, деп атап өтті министрліктегілер.
9 наурыздағы жағдай бойынша, 33 279 адамға Sputnik V вакцинасының бірінші компоненті салынды. Екінші компонентті 15 856 қазақстандық қабылдады.
Қазақстанда вакцинациялау науқаны 1 ақпанда басталды.