USD 443.44
EUR 480.51
RUB 4.88
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Биылғы жылы әскери құралымдарға 15 мыңнан астам адам шақырылды

  • 15.июля.2021, 17:29,
  • 158

Қорғаныс министрлігінде Бас штаб бастығының бірінші орынбасары генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың басшылығымен көктемгі әскерге шақыру кампаниясы қорытындыланды. 

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылғы көктемде Қарулы күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға 15 мыңнан астам адам шақырылды, оның 6 000-нан астамы Қарулы күштерге жіберілді.


Кеңес барысында қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары коронавирус инфекциясының таралуы жағдайында өткен әскерге шақыру кампаниясының ерекшеліктері туралы баяндады. Қабылданған санитариялық-эпидемиологиялық шаралар жиын пункттерінде әскерге шақырылушылардың індетті жаппай жұқтыруын болдырмауға, әскерге шақыруды жоспарлы түрде жүргізуге мүмкіндік берді.

Әскерге шақыру компаниясы кезінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар әскерге шақырылушылар, олардың туған-туыстары жедел желі телефондары арқылы жеке әңгімелесу жолымен туындаған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Бас штаб бастығының бірінші орынбасары жергілікті әскери басқару органдарының барынша ашықтығын және тұрғындарды өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар етуді қамтамасыз ету, әскерге шақырылушылардың туыстарымен тұрақты түрде кері байланыс орнату міндетін қойды.

Әскерге шақырылушыларда кездесетін сипатты ауруларға жүргізілген талдау анағұрлым кең таралған аурулардың көз, асқазан-ішек жолдарымен, омыртқамен, неврологиямен байланысты екенін көрсетті. Мамандар бұның себебін жастардың қимыл-қозғалысы аз өмір салтын ұстануымен, дұрыс тамақтанбауымен және гаджеттерді шектен тыс пайдалануымен байланыстырып отыр. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, тиісті әкімдердің қаулыларымен тағайындалатын медициналық комиссиялар жұмысының сапасын арттыру тапсырылды.

Сонымен қатар генерал-лейтенант Марат Құсайынов әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастарды "Жас сарбаз", "Айбын" әскери-патриоттық қозғалысына, басқа да әскери-патриоттық және спорт клубтарына барынша тарту қажеттігіне назар аударды.




#әскер #көктем #шақырылым #сарбаз 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
11.12.2020
19.07.2020
09.04.2020
25.11.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031