USD 539.56
EUR 627.35
RUB 6.84
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Талғар ауданындағы ашынған тұрғындар жол қозғалысын тоқтатып тастады

  • 12.июля.2021, 13:14,
  • 199

11 шілдеде Талғар ауданындағы екі тұрғын үй кешенінің тұрғындары Алматы-Талғар тас жолын жауып тастады. 

"Алма Тау" мен "Нұрия" тұрғын үй кешенінің ашуланған тұрғындары пәтерлерінде судың жоқтығынан көшеге шыққан.

Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл аумақтағы құбырда апат болған, соның салдарынан су жоқ.


Екі күн бойы су болмады. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 12 шілдедегі түске дейін су берілуі тиіс, - деп атап өтті ведомствадағылар.


Облыстық полицияның хабарлауынша, олар наразы жергілікті тұрғындармен сөйлескен.


11 шілдеде сағат 22:58 шамасында Бесағаш елді-мекенінде "Нұрия" тұрғын үй кешенінің 80-ге жуық тұрғыны Алматы-Талғар тас жолын жауып тастады. Бұған ауыз судың жетіспеуіне наразылық себеп болды. Жергілікті атқарушы органдар жұртшылықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына келген Талғар аудандық полиция бөлімінің патрульдік полициясының қызметкерлері жиналғандардан таралуын сұрады және көлік қозғалыстықайта жанданды, деп атап өтті облыстық ПД.


Баспасөз қызметі тұрғындардың тарап кеткендігін және қандай да бір өрескел қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері байқалмағанын жеткізді.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031