Кездесу Хайфадағы "Сэмми Офер" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
"Алаң иелері 45-минутта есеп ашты. "Қайрат" командасының екі қорғаушысын алдап өткен Омер Ацили гол соқты. Ал алматылық клуб 76-минутта Нұралы Әліптің голымен жауап берді - Небойша Косович бұрыштамадан пас асырған еді, қазақстандық қорғаушы допты басымен қақпаға дәл бағыттады. Матч соңына дейін "Қайрат" жеңісті жұлып алуы мүмкін еді, бірақ ойыншыларға шабуылдың соңғы кезеңінде сәл сәттілік жетіспеді", - дейді aladop.kz.
Қарымта кездесу 14 шілдеде Алматыда өтеді.