USD 448.56
EUR 478.03
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Балқаш қаласының тұрғыны өзін бір топ азамат зорлағанын мәлімдеді

  • 07.июля.2021, 19:20,
  • 283

Балқаш қаласының 26 жастағы тұрғыны бір топ адамнан аяусыз зорлық көргенін мәлімдеді. Оның оқиғасын "НеМолчи.kz" қоры әлеуметтік желілердегі парақшасында жариялады.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, Балқаш тұрғыны 23 маусымға қараған түні зорланған. Сол кеште ол балаларына айран мен нан алуға дүкенге шыққан. Алайда үйге оралмаған. Жұбайы оны туған-туыстарының, құрбылары мен таныстарының үйінен іздеген. Сөйтіп таппаған соң 25 маусымда полицияға хабарласқан. 

Қор мәліметінше, зорлаушылар жәбірленушіні дүкеннен қайтып бара жатқанда аңдып тұрған. Олардың бірі әйелмен таныс болып шықты. 

Ер адамдар әйелді көлікке мәжбүрлеп итеріп кіргізіп, далаға апарып, түні бойы зорлағаны хабарланды. Олар сондай-ақ оны "ұрып-соғып, қорқытып, тіпті денесіне темекі сөндірген". Таңертең олар әйелді далаға тастап, кетіп қалған.

"Жәбірленуші полицияға хабар берді. Бірақ онда әйелге қысым көрсеткен. Оның жағдайын көре тұра туыстарына ештеңе айтпаған. Жай ғана таптық деген. Сот медициналық сараптама кезіне де оны дөрекі ұрсып тастаған. Мұның бәрін ол өзі жазды", - деді "НеМолчи.kz" өкілдері.

Сондай-ақ, қордағылар полиция қызметкерлері жәбірленушіге емес зорлаушыларға көбірек сенетінін айтып отыр. 

"Тергеуге сұрақ көп, бірақ оларды қоюдың мәні жоқ деп ойлаймын. Әдеттегідей әйелді жезөкше, маскүнем жасады (...)"- деп қосты олар.

Қарағанды облысының полиция департаменті өкілдері жағдайға түсінік берді. Ведомство мәліметінше, әйелдің жоғалғаны туралы арыз Балқаш полициясына 25 маусымда сағат 12.45-те түскен. Сол күні сағат 16.00-де полиция бөліміне жоғалған әйелдің өзі келіп, зорланғанын мәлімдеген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі "Бір топ адам жасаған зорлау" бойынша қылмыстық іс тіркелді.

"Полиция қызметкерлері екі ер адамды анықтап, ұстады, олардың біреуі жәбірленушімен 2012 жылдан бері таныс. Ұсталғандар оқиғаның өз нұсқасын айтты. Тергеу барысында сараптамалар тағайындалды, іс бойынша ақиқатты анықтау мақсатында алғашқы іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде болжамды оқиға орны тексерілді", - деді Қарағанды облысы ПД тергеу басқармасының басшысы Рүстем Құлкеев.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу және жәбірленушінің дәлелдерін тексеру үшін Балқашқа жедел-тергеу тобы жіберілгенін айтты. Қылмыстық істі тергеу барысы Қарағанды облысының полиция департаменті басшылығының бақылауында.



#Балқаш #зорлық #зомбылық #қылмыс #тергеу #НеМолчи.kz 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.04.2021
24.07.2020
14.07.2020
03.07.2020
05.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930