USD 539.56
EUR 627.35
RUB 6.84
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматы облысында Eurocopter тікұшағы құлады

  • 05.июля.2021, 10:52,
  • 196

Алматы облысында Eurocopter EC 130B4 тікұшағы құлады, - деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

Оқиға 2021 жылдың 5 шілдесінде Алматы облысында сағат 17.40-та болған. "Q-AVIA" ЖШС басқаруындағы тіркеу нөмірі UP-EC008, Eurocopter EC 130B4 тікұшағы қатты қонған. Әуе кемесінің бортында экипаждың бір мүшесі және екі жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ.


"Дерек бойынша комиссия құрылды, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізеді", - деді ААК өкілі.

Eurocopter EC 130B4 - көп мақсатты тікұшақ. Sky-service.com.kz сайтындағы мәлімет бойынша, тікұшақ салонында алты орындық бар. Тікұшақты экскурсия, VIP-жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланады. 



#әуе #апат #тікұшақ #ААК #Eurocopter 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031