USD 539.56
EUR 627.35
RUB 6.84
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ШҚО-да пробация қызметкерлері Астана күніне орай байқау өткізді

  • 03.июля.2021, 12:09,
  • 242

ШҚО-да пробация қызметкерлері "Тәуелсіздік түндігі – Нұр-Сұлтан" тақырыбында Астана күніне арналған көркемсөз оқу байқауын өткізді. 

Семей қаласы Әуезов ауданының пробация қызметінде қазіргі уақытта 170-ке жуық сотталған есепте тұр, оның 20-ға жуығы әйелдер.

Негізінен олар ұялы телефондарды ұрлау, тонау, алаяқтық бойынша есепте тұр.

Есепке тұрған сотталушылар арасында пробация қызметі инспекторларымен "Тәуелсіздік түндігі – Нұр-Сұлтан" тақырыбында Астана күніне арналған көркемсөз оқу байқауы өткізілді. Бұл байқаудың басты мақсаты: сотталушылардың туған жерге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқу, Елорданың нышанымен, Қазақстан Республикасы Президентінің "Астананы көшіру туралы" Жарлығымен, оның мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңымен, қазіргі заманғы келбеті мен жетістіктерімен таныстыру, сондай-ақ Нұр-Сұлтанның жетістіктері сотталушылардың бойында патриоттық сезімді, елге және адамдарға деген құрмет сезімін ояту, сүйіспеншілікті нығайту және Қазақстанның жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Олар өз композициясы бойынша, кейбірі біреуі парақтан, біреу, есте сақталған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.


Сотталушылардың туған жерге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқуы - пробация қызметі жоспарлаған, астана күніне орайластырылған көптеген тәрбиелік шаралардың бірі, - деді Семей қаласы Әуезов ауданық ПҚ бастығының орынбасары әділет майор Эрик Усербаев.


#пробация #сотталғандар #тергеу #түрме #байқау #мереке 

скачать dle 12.0
Фото авторы : ШҚО ҚАЖ Департаменті
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031