USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Теміржол вокзалдары Ashyq қосымшасына қосылды

  • 15.июня.2021, 18:36,
  • 168

Ashyq қосымшасы Қазақстанның теміржол вокзалдарында да қолданылатын болады. 

17 маусымнан бастап Ashyq қосымшасы "Нұрлы жол" теміржол станциясында іске қосылады. Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды ​​және Өскемен станцияларында қосымша 21 маусымда жұмыс істей бастайды.


1 шілдеден бастап Ashyq қосымшасы Ақтөбе, Атырау, Бейнеу, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Орал, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан, Шымкент және Шу станцияларында іске қосу жоспарланған.


"QR кодын сканерлеу арқылы Ashyq қосымшасы арқылы кіру жүйесі "Нұрлы жол" вокзалының барлық кіреберістерінде жұмыс істейді. Жолаушылар арасындағы қашықтықты сақтау үшін вокзал кешенінің қызметкерлері кіреберістерде жолаушыларды бөліп қабылдайды. Кіру кезінде жолаушыға Ashyq мобильді қосымшасының көмегімен QR кодын сканерлеуі қажет. Егер жолаушыда қосымша немесе смартфон болмаса, кіре берісте вокзал кешенінің қызметкеріне ЖСН-ін көрсетуі қажет", - деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.


Шетелдіктер мәртебесін қалай тексереді

Шетелдіктердің мәртебесі сол жерде төлқұжат нөмірі арқылы тексеріледі. 18 жасқа дейінгі балалар тексерілмейді.


Теміржол вокзалына кімдер кіргізілмейді

"Қызыл" және "сары" мәртебесі бар адамдар вокзалға жіберілмейді.

Егер жолаушыларға Ashyq қосымшасы арқылы вокзал үй-жайына кіруге рұқсат етілмеген болса, онда жолаушы пайдаланылмаған билетті қайтару үшін билет кассасына бара алмайды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930