Қазақстанның Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірмей берілген ПТР тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені тралы анықтама берген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден келген барлық адамды 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшауланады.
ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келген барлық адамдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін орындарда осы қаулыға 43-қосымшаға сәйкес сауалнама жүргізу және ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу үшін материал алу қамтамасыз етіледі.
Келген адамда COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі алынған кезде мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пунктке іссапарға жіберілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің (бұдан әрі – ТКҚСҚБД) маманы COVID-19-ға оң нәтиже туралы ақпаратты қазіргі уақытта сауалнамада көрсетілген маршруттық параққа сәйкес келген адам аумағында болатын ТКҚСҚБД-не береді.
Ал вахталық әдіспен жұмыс істейтін, "Теңізшевройл" ЖШС объектілерінен демобилизацияланған адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін келген орны бойынша карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады, оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде оқшауланады.