USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Түркістан облысында адасқан үш жігіт табылды

  • 28.мамыр.2021, 17:47,
  • 277

Түркістан облысында табылған үш жігіт оқиғаның мән-жайын айтып берді.

ТЖМ мәліметінше, үшеуі эвакуацияланды. 

"Олардың жағдайы жақсы. Медициналық көмек қажет емес. Екеуі 1999 жылғы, біреуі 2000 жылғы. Олар үш күн бұрын екі топқа бөлінгенін айтады", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 

Студенттер 21 мамырда шығып, екі күн жол жүргеннен кейін қайтып келе жатқан кезде жолда адасып кеткен.

"Кейін жеті адамның біреуі ауырып қалды, сол үшін үшеуі бір орында қалды да төртеуі ары қарай кетті. Үшеуіміз үш күн түнедік сол жерде. Сосын бүгін шығып келе жатқан кезде бізді тауып алды ТЖМ қызметкерлері.

Бүгін бізді өзен жағасынан джиппен түсіп құтқарып алды. Барша атсалысқан адамдарға алғысымызды айтамыз", - дейді жігіттер. 

Еске салайық, кеше, 27 мамырда Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен. Бүгін жоғалған 7 жігіттің үшеуі табылды. 



#жоғалғандар #адасқандар #Түркістан #іздеу #ТЖМ 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031