USD 498.09
EUR 577.34
RUB 6.41
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтөбелік кәсіпкер зекетке 1 миллион теңге берді

  • 13.мамыр.2021, 15:29,
  • 430

ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының Ақтөбе облысындағы жауапты өкілі Алмат Амангелдіұлының ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінде "Айжарық" шаруа қожалығының басшысы Қажымұқан Тыныштықұлы мұқтаж отбасыларға зекетін үлестірді. 

Қайырымдылық шарасында сөз алған облыстың бас имамы Төлеби Оспан жиналған қауымға қайырымдылық пен жақсылықтың сауабы жайлы уағыз-насихат айтты.

"Зекет – табысты берекелендіріп, кәсібі мен отбасына құт әкеледі. Мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жатқан Қажымұқан Тыныштықұлына алғыс білдіреміз. Ауқымды қаражатты зекет ретінде таратуы – жомарттығы әрі Алланың әміріне бағынуы деп білеміз. Алла сарқылмас сауаптар жазсын!", - деді бас имам.

Көмек әртүрлі санаттағы мұқтаж және көпбалалы отбасылар мен Ақтөбе медресе-колледжінің шәкірттеріне берілді. Мұқтаж 30 адамға жалпы ақшалай 1 млн теңге таратылды.



#зекет #мешіт #имам #айт #ораза #дін #Ақтөбе

скачать dle 12.0
Фото авторы : ҚМБД
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031