USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қордай: үйлерді жөндеу жұмысын кім қаржыландырады

  • 26.наурыз.2020, 16:30,
  • 390

Ақпан айында Қордайда болған қайғылы оқиға кезінде бүлінген тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жақында басталады.

Масаншы, Бұлар батыр, Ауқатты және Қарасу ауылдарында 40 тұрғын үй, 20 коммерциялық нысан мен 5 шаруашылық құрылыстары өртенген. Барлық жұмыстар "Щивон" қайырымдылық қоры жинайтын демеушілік қаражат есебінен жүргізіледі.

Өрттен зардап шеккен 39 отбасына облыстық резервтен жалпы сомасы 20,6 миллион теңге қаражат бөлінді.

Мемлекеттік материалдық резервтен тұрғын үй-жайларды қалпына келтіру үшін 26 тонна арматура, 16 750 м2 жабын материалы, 400 м3 ағаш бөлінген.

Ал ішінара зақым алған жылжымайтын мүлік нысандары демеушілік қаражат есебінен қалпына келтірілген. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық қорларына 22,5 млн теңге түскен.

Қайтыс болған азаматтардың тоғыз отбасына асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындалған. Сонымен қатар, қаза тапқандардың отбасыларына жалпы сомасы 8,2 миллион теңгеден астам қаржының демеушілік көмегі көрсетілген.

Ал зақымдалған көлік иелеріне төленетін өтемақы көлемі қылмыстық істерге қатысты тергеулер аяқталғаннан кейін анықталады.

скачать dle 12.0
Фото авторы : holanews.kz
Тағы да оқыңыздар:
12.02.2020
30.01.2020
05.01.2020
12.07.2019
12.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930