2020 жылы елімізде әр отбасы дәрі-дәрмек, емдеу жабдығы мен аппаратура сатып алуға орташа есеппен 47,1 мың теңге жұмсаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 62,6 пайызға көп.
"Ең көп шығын - Алматы тұрғындарынан. Одан кейін Павлодар және Қарағанды облыстары тұр. Қызылорда облысы ең аз шығын жасаған".
Сарапшылардың айтуынша, 2021 жылы сәуірдегі қорытынды бойынша дәрі-дәрмек бағасы бір айда 0,1 пайызға және бір жылда 6,3 пайызға өскен.
Сурет: energyprom
"Маңғыстау облысында баға бір жылда бірден 23 пайызға өскен. Бағаның жылдық өсімі бойынша Астана (11,8 пайызға) және Ақмола облысы (11,4 пайызға) "көш бастап тұр". Негізгі дәрі-дәрмек ішінде жыл сайынғы динамикада бағаның ең көп өсімі йодтың бес пайыздық спирт ерітіндісі, "Эссенциале форте Н", 90% этил спирті, "Корвалол", "Аквалор Форте Спрей" сияқты препараттарда байқалады. "Гипотиазид", ацетилсалицил қышқылы сияқты препараттар үшін бағаның төмендеуі байқалды", - деп жазған сарапшылар.
Өндіріске келсек, 2021 жылғы қаңтар–наурызда елде негізгі дәрі-дәрмек өнімдері мен препараттар бір жыл бұрынғыға қарағанда 20,2 пайызға артық өндірілген.
Өңірлік бөліністе өндірістің ең үлкен көлемі Шымкентке тиесілі. Үштікте Алматы облысы мен Алматы да бар.
Өндірістің өскеніне қарамастан, Қазақстанда дәрі-дәрмек импорты да артып келеді. Мысалы 2021 жылдың қаңтар–ақпанында елге 167,7 миллион АҚШ долларына 4,8 мың тонна дәрі-дәрмек жеткізілген.
#дәрі-дәрмек #ақша #Қазақстан #ем