Сарапшылардың айтуынша, биылғы қаңтар-шілде айларында елімізде мұнай өнімдерінің жалпы өндірісі 10,2 миллион тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға төмен екен.
"2020 жылдың тамызында бензин өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 2,4 пайызға қымбаттады. Ең жоғары баға Жамбыл (5,7 пайызға) және Алматы (4,3 пайызға) облыстарында, сондай-ақ Алматыда (4,2 пайызға) тіркелді.
АИ-98 маркалы бензин бір жылда 2,6 пайызға, АИ-92 2,5 пайызға, ал АИ-95/96 1,2 пайызға қымбаттады. Дизель отыны, керісінше, аздап арзандады", - дейді сарапшылар.
#бензин #жанармай #отын #қазақстан #экономика