Агенттік басқармасының 2020 жылғы 19 қазанындағы № 102 қаулысына сәйкес жеке тұлғалардың микрокредиттер бойынша берешегі сотқа дейінгі рәсіммен белгіленеді.
"Микроқаржы ұйымы икрокредит бойынша төлеу мерзімінің кешігуі туындаған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей ол туралы қарыз алушыны хабардар етуге міндетті. Қарыз алушы төлеу мерзімінің кешігуі басталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде берешекті өтеу мәселесін реттеу туралы өтінішпен МҚҰ-ға жүгінуге құқылы. МҚҰ күнтізбелік 15 күн ішінде қарыз алушының өтінішін қарайды және жазбаша нысанда қабылданған шешім туралы хабарлайды. Қарыз алушыдан өтініш болмаған және/немесе қарыз алушымен келісімге қол жеткізбеген жағдайда, МҚҰ нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде берешекті өндіріп алуға құқылы", - дейді агенттік өкілдері.
Жаңа қағидаларға сәйкес, шарттың жасалған күні, микрокредит сомасы, пайыздық мөлшерлеме, шарт талаптарын орындау мерзімдері және басқа да міндетті шарттар туралы ақпаратты шарттың титулдық парағына жазу талап етіледі.
#қаржы #несие #шағынұйым #жаңаереже