USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Биыл 480 ауылды жаңғыртуға 105 млрд теңге бөлінді

  • 20.сәуір.2021, 15:38,
  • 337

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылдық жерлерде тұрмыс деңгейін арттыру мәселелері қаралды.

Ауылда өмір сүру сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова баяндама жасады.

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылды ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, онда ауыл халқының 87%-ы тұрады, бұл – шамамен 7 млн адам. Бірінші кезекте, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылды қоса алғанда, жергілікті маңызы бар 27 мың км жол салынып, жөнделеді.

Ауылдарда 24 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. АӨК саласында 500 мың жұмыс орнын құрумен 845 жоба, 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын тартумен 7 экожүйе жүзеге асырылатын болады. Қабылданып жатқан шаралар 1 млн ауыл тұрғынының табысын арттыруға мүмкіндік береді. Ауыл тұрғындарының 100%-ы сапалы ауыз сумен, 60%-ы табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

Денсаулық сақтау саласында бес жыл ішінде 1095 нысан жөнделіп, салынады. Бұл халықты медициналық қызмет көрсетумен қамтуды 2 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. 5 жыл ішінде 5 мың мектеп жаңғыртылып, 315 ауыл мектебі салынады.

Ауыл оқушыларын қосымша біліммен барынша қамту және қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2025 жылға қарай 748 мәдениет нысаны мен 1719 спорт нысаны жөнделіп, салынады. Биыл 480 ауылды жаңғыртуға 105 млрд теңге бөлінді.


"Басты міндет – ауылда тұрмыс сапасын арттыру", — деді Мамин.


Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне ауылдық аумақтарды кешенді дамыту жөніндегі жұмысты тиісті көрсеткіштермен және бірыңғай тәсілмен үйлестіруді тапсырды.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-мен және әкімдіктермен бірлесіп, ауылдық жерлерде кредит қаражатына қажеттіліктің ұлғаюын ескере отырып, АӨК-ті тұрақты қаржыландыруды, сондай-ақ жоспарланған барлық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды. Индустрия, энергетика, денсаулық сақтау, білім және мәдениет министрліктеріне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, барлық қажетті шараларды қабылдау және 2025 жылға қарай ауылдық аумақтарды дамыту бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.



#ауыл #жаңғырту #қаражат #ақша #бюджет #Мамин 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
14.11.2020
29.10.2020
24.08.2020
06.11.2019
15.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930