USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Астаналық бизнесмендер 3 миллион теңге айыппұл төлейді

  • 17.наурыз.2021, 13:47,
  • 311

Астаналық кәсіпкерлер рұқсатсыз орынға қоқыс шығарғаны үшін үш миллион теңге айыппұл төлейді. Бұл ақпаратты әкімдік өкілдері де растады. 

Санкцияланбаған қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау, сондай-ақ елорда аумағының экологиялық жағдайын сақтау мақсатында қалада құрылыс объектілерінің тиісті қағидаларды сақтауы және Экополигонға құрылыс қоқыстарын шығару жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындау тұрғысынан рейдтік тексерулер мен мониторинг жүргізіледі.


Рейдтік шаралар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаментінің, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің, "Эко полигон Астаны" ЖШС және "Клин сити" ЖШС-мен бірлесіп жүргізіледі.


Мысалы 2021 жылдың ақпан және наурыз айларында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті табиғат қорғау полициясы бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының "абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін..." шағын және орта бизнестің 151 субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 29 құрылыс ұйымы мен 31 мердігерлік ұйымға жалпы сомасы үш миллион теңге айыппұл салынды. Белгіленбеген орында қоқыс шығарғаны үшін жүк көлігінің 10 жүргізушісіне 460 мың теңге айыппұл салынды.


Айта кетейік, рейдтік шаралар ары қарай да жалғасады. Заңды қасақана бұзушыларды құрылыс лицензиясынан айыруға, жүк тасымалдау қызметін тоқтатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылатын болады.



#Нұр-Сұлтан #әкімдік #кәсіпкерлер #қоқыс #айыппұл 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.01.2021
14.11.2020
19.03.2020
29.08.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031