Бүгінде 536 жөндеуді қажет ететін нысанның 215 нысаны толық күрделі жөндеуден өткізіліп, қалпына келтірілді. Қалған нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары 90 пайызға аяқталды. Аталған жұмыстарға 34 құрылыс фирмасы, 1400 маман жұмылдырылған.
"Біз санға емес, сапаға жұмыс жасап жатырмыз. Әр бір үй мен нысанның құрылыс жұмыстары тыңғылықты жасалып, құрылысшылар өз жұмысын аса жауапкершілікпен атқаруда", - деді жарыс болған аймақтан "Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ-нің жетекшісі Төлеген Құлышев.