USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сыйақы мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды

  • 05.қараша.2020, 11:45,
  • 438

Теңге депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі өзгеріссіз қалдырды. 

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңге депозиттері бойынша 2020 жылдың желтоқсан айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті. Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлеменің мәнін бекіту аясында 26 қазанда оны өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде депозиттер бойынша мөлшерлемелердің көпшілігі өзгертілген жоқ. «Қор ұсынатын максималды сыйақы мөлшерлемелері 24 айлық мерзімді депозиттердің толықтыруға болатын түрі бойынша – 9,1 пайызды, ал толықтыруға болмайтын түрі бойынша – 9,4 пайызды құрады. Депозиттердің осы түрі салымшылар арасында онша танымал емес. Оның үстіне басқа мерзімдерге арналған мерзімді салымдармен салыстырғанда айырмашылығы аз. Банктер осы себептен оларға қатысты пайыздарды біртіндеп төмендетуде», делінген хабарламада. Бұл ретте депозиттердің осы түрі бойынша салымшыларға ақша алуға қатысты айтарлықтай шектеу қойылмайды. Сондықтан банктер бұл депозиттер бойынша мерзімділігі үшін сыйлықақы есептемейді.


#мөлшерлеме #сыйақы #теңге #экономика 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.10.2020
21.09.2020
20.07.2020
10.09.2019
05.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031