Ол өте жоғары етіп бекітілген "жеткіліктілік шегін" сынап тастады:
"– Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әрине, БЖЗҚ-мен ымдасып алып, адамдар неғұрлым азырақ ақша алсын деген пиғылмен жеткіліктілік шегін өте жоғары етіп қойды. Бұл қулар бір жағынан "халық зейнетақы қорындағы ақшасын алсын" деген Президенттің тапсырмасын орындап жатса, екінші жағынан ол мүмкіндікті халықтың бәріне ұсынбай отыр. Бұл таза шенеунікше, бюрократиялық тірліктің мысалы. Олардың енді "жеткіліктілік шегін" төмендетуі мүмкін емес. Өйткені ол жердегі ақша бәріне жетпей қалуы мүмкін. Содан ғой, жеткіліктілік шегін әдейі жоғары еткені. Ал қордағы ақша қайда десеңіз, талан-таражға салынып кетті. Қазір құны көк тиын болған құнды қағаздарға салынған кезінде. БЖЗҚ портфелінде мұндай қағаздар өте көп деп ойлаймын. Әрине, олар мұны ешкімге айтпайды, жоқ ақшаны тауып бере алмайтын біліп, осындай қулықтарға басып отыр", деді сарапшы.