USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ жаңа қызметті іске қосты

  • 15.қантар.2021, 11:25,
  • 502

Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру бойынша БЖЗҚ-ның жаңа қызметі іске қосылды. 

Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа қосымша сервисті іске қосты. Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік пароль арқылы авторлану қажет. Бір реттік пароль арқылы авторлану үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек: · өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз; · дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз; · «Кодты жіберу» батырмасын басыңыз; · алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз. Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы, себебі, ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді. Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағын баспанаға жұмсауға арналған онлайн-платформа іске қосылады. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.


#зейнетақы #бжзқ #жаңақызмет #салымшы #қазақстан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.01.2021
05.01.2021
24.12.2020
09.12.2020
30.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930