USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда нан сатылмайды

  • 16.ақпан.2021, 13:15,
  • 514

Алматыда нан сатып алуға шектеу қойылды. Енді бір адамға бес наннан артық берілмейді, - деп хабарлайды Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Ведомство мәліметінше, нан сатуға шектеу "Ақсай" ХБК" компаниясының фирмалық дүкендерінде белгіленген. Мұндай тәжірибе бұған дейін де қолданылған, қала тұрғындарына алаңдайтын ештеңе жоқ екені айтылы.

"Мұндай шектеулер жиі болып тұрады, бұл әдеттегі тәжірибе. Бұл шаралар төмендетілген бөлшек бағадағы нан тапшылығын болдырмау үшін қабылданады. Біз азық-түлік бағасын белгілеп отырамыз. Алайда кейін нанды қымбатырақ бағамен қайта сату үшін таңертең барлығын алып кететін жағдайлар кездеседі. Содан соң тұрғындар қалада нан тапшы, бәрі қымбат деген пікірде болады. Алайда бұл олай емес, сондықтан осындай шектеулер енгіземіз", - деді басқарма өкілі.

Шектеулер нан зауыт бағасымен сатылатын тек фирмалық дүкендерге қатысты. Қаланың басқа дүкендерінде мұндай шектеу жоқ.

"Жалпы, "Ақсай "ХБК" әлеуметтік нан өндірісі бұрынғы деңгейде қалады. Қала дүкендеріне өнім жеткізу көлемі азайған жоқ. Әкімдік пен "Ақсай" ХБК арасында жасалған шарт аясында зауыттың бір бөлке үшін бағасы - 75 теңге", - деп толықтырды ведомстводағылар.


#нан #сату #сауда #алматы 



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.12.2020
20.09.2020
14.08.2020
12.07.2020
21.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930