USD 537.96
EUR 630.27
RUB 6.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда ультрабук шығарыла бастады

  • 02.желтоқсан.2019, 10:15,
  • 441

Петропавл қаласындағы Киров зауыты ультрабук шығара бастады

«Петропавлда ноутбук шығарылады. Киров атындағы зауыт жыл басынан қытайлық компаниямен келіссөз жүргізіп, гаджеттерді құрастыруды қолға алған болатын. Жазда жергілікті инженерлер аспан асты еліне тәжірибе жинақтауға барса, енді шетелдік мамандар Петропавлға келді. Қос тарап бірлесіп, алғашқы 50 бірдей сынамалық ультрабук құрастырды», - деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының Муниципалдық телеарнасы Facebook-тегі парақшасында.

Телеарна тілшісінің ақпаратына сәйкес, ультрабуктің салмағы 1,3 келіні құрайды. Гаджет оқушылар мен студенттердің жұмыс істеуі үшін барынша қолайлы болмақ. Ультрабукте жергілікті кәсіпорынның логотипі таңдаланып, өндірушісі ретінде Киров зауытының атауы көрсетілген.

Осындай бастамалар "қарапайым заттар экономикасына" көшуге, ішкі нарықты отандық тауарлармен қанықтыруға, өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыруға, сонымен қатар ең алдымен халық тұтыну тауарларының кең номенклатурасын шығаруға септігін тигізетіні анық. 




скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031