USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Банктер МКД-ны жеке шоттағы ақшалардың қозғалысынан хабардар етіп отырады" - фейк

  • 10.қантар.2021, 17:51,
  • 683

Әлеуметтік желіде 2021 жылдың басынан бастап екінші деңгейлі банктерден мемлекеттік кірістер органдарына жеке тұлғалардың жеке шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәлімет ұсынуға міндетті екендігі туралы ақпарат тарап жатыр. 

Осыған байланысты МКК таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігін хабарлайды. Сонымен бірге, Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлердің бақылау- касса машиналары арқылы өз кірістерін көрсету міндеттемесін және жеке тұлғаларға тауарларды және (немесе) қызметтерді сатып алу кезінде түбіртек алу қажеттілігін еске салады. Осылайша, сіз өзіңіздің азаматтық позицияңызды білдіресіз, заңды бұзуға мүлдем төзбеушілік танытасыз және өз құқықтарыңызды қорғай аласыз. Бұған дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде кәсіпкерлерге төлемдер мен аударымдарды фискалдау мәселесімен айналысып жатқандығы хабарланған болатын. Алайда, бұл жаңашылдықтар жеке тұлғалардың жеке мақсаттарға пайдаланатын аударымдарына әсер етпейді. Демек, мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың аударымдарын әкімшілендіруді жоспарлап отырған жоқ, делінген құзырлы орган хабарламасында.



#банк #қаржы #салық #фейк #ақпарат

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.09.2020
17.03.2020
14.11.2019
19.08.2019
01.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930