USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жеке тұлғалардан алынатын мүлік пен жер салығын біріктіру ұсынылды

  • 01.августа.2019, 12:30,
  • 676

Қазақстанда жеке тұлғалардан алынатын мүлік пен жер салығын біріктіру ұсынылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазақстанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген заң жобасы шеңберінде көппәтерлі үйлердің меншік иелері үшін жер салығын жою және жеке тұлғалардан алынатын мүлік және жер салығын бір салыққа біріктіру ұсынылуда»,-делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Сондай-ақ онда жаңалықтың негізгі мақсаты – жеке тұлғалардың мүлік пен жер салығын төлеуін жеңілдету екені айтылған.


Заң шығарушылар жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын салық салу нысаны, салық базасы, мөлшерлеме, есептеу және төлеу секілді салық элементтерін өзгертпей, біріктіруді ұсынып отыр.


Екі салық бір төлеммен алынады. Мөлшерлеме бұрынғыдай, ештеңе қымбаттамайды, тек салық төлеу тәсілі қолайлырақ болмақ. Осы күнге дейін екі түрлі салық, түрлі есептеу әдістемесі, екі түбіртек салық төлеушіге қолайсыздық тудырып келді.


скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
10.07.2019
09.07.2019
01.07.2019
03.06.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031