USD 519.51
EUR 611.83
RUB 6.6
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде "Әйелдер ипотекасы" берілмек

  • 22.қараша.2019, 09:00,
  • 1 000

Қазақстанда тұрғын үй саласында гендерлік теңдікті жетілдіру мақсатында әйелдерге арналған ипотека жобасы жүзеге асырылайын деп жатыр. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" "Азия Даму Банкімен" біріге отырып, шамамен 4000 әйелге ипотека бермекші.

"Қазақстанда 9,1 миллион әйел бар, олардың 4,4 миллионы жұмыспен қамтылған, жартысы өз отбасыларын өздері асырап отыр. Сондай-ақ, әйелдердің жалақысы ерлердікіне қарағанда үш есеге аз екенін ескеру керек. Бұл әйелдердің ерлерге қарағанда пәтер алу мүмкіндігі төмен екенін білдіреді. Сондықтан біз "Азия Даму Банкімен" бірге қазақстандық әйелдерді қолдай отырып, гендерлік жобаны жүзеге асырмақшымыз", - деді  "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" басшысы Ләззат Ибрагимова.


Банктегілердің айтуынша, ипотека жобасына жаңа салынған үйлер де, қайталама нарықтағы пәтерлер де кіреді. Кредиттің максимал сомасы - 30 миллион теңге, алғашқы жарна - 15 пайыз. Бірақ ол әйелдің жалақысы 200 мың теңгеден кем болуы тиіс. Ал жалақысы 200 мың теңгеден асатын әйелдер үшін алғашқы жарна - 20 пайыз. Пайыздық мөлшерлеме әлі белгісіз, ол туралы кейінірек айтылады.

скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031