USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Салық туралы заңға енгізілген өзгерістер мақұлданды

  • 24.қараша.2020, 12:54,
  • 686

Заң жобасында жеке тұлғаларға зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін қолданған кезде жеке табыс салығын төлеуді кейінге қалдыру құқығын беру қарастырылған.

Мәжіліс депутаттары Сенаттың "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекске енгізген түзетулерді қолдады.

Заң жобасы жеке тұлғаларға зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін қолданған кезде жеке табыс салығын төлеуді кейінге қалдыру құқығын беруді, сондай-ақ оны есептеу, ұстап қалу және төлеу тәртібін анықтайды. Онда пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне айналымнан бөлшек сауда салығын төлеу құқығын беру бойынша арнайы салық режимін енгізу жайы да бар, -.деп атап өтті Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Сергей Симонов.

Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін экономиканың ең көп зардап шеккен секторларындағы микро, шағын және орта бизнес субъектілеріне бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын есептелген әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар сомасының айырмасы ретінде анықтау құқығы беріледі. 


#мәжіліс #зейнет #салық #заң #өзгеріс #парламент 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.09.2020
14.09.2020
06.12.2019
13.08.2019
01.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031