USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мүгедек пен асыраушысынан айырылғандарға 300 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

  • 18.қараша.2020, 12:02,
  • 877

Қазақстандықтарға мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы түрінде 300 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.



Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, 2020 жылғы қаңтар-қазан аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 242 млрд теңге, асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы төлеуге 61 млрд теңге бөлінді. 2020 жылғы қазан айында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 23,6 млрд теңге, асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы төлеуге 6,2 млрд теңге бағытталды. 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 518,8 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны 145,7 мың адамды құрайды. Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады. «2020 жылғы 1 қарашаға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 45 507 теңгені, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 42 614 теңгені құрады»,-делінген хабарламада.



#жәрдемақы #мүгедек #бюджет #экономика #қазақстан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.11.2020
02.07.2020
03.04.2020
05.01.2020
26.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930