USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда халық санағына 8 миллиард теңге жұмсалады

  • 13.ақпан.2020, 15:00,
  • 481

2020 жылы 1-30 қазан аралығында Қазақстанда халық санағы өтеді. Оны ұйымдастыруға 2020 жылы  шамамен 4 миллиард теңге жұмсау жоспарланған.

Экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкеловтің айтуынша, ұлттық халық санағы шартты түрде екі кезеңнен тұрады екен. 

Дайындық кезеңі - 1-30 маусым аралығында. Интервьюерлер тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар мен құрылыстардың мекенжайларын, сондай-ақ ондағы тұратын халықтың нақты санын нақтылау мақсатында әрбір елді мекен бойынша аралап шығатын болады. Осы кезеңде аудандастыруға дайындық жүріп жатыр.

Аудандастыру санағы - бұл санақтың екінші кезеңін өткізу үшін өңірдің әрбір елді мекенінің аумағын нұсқаушы және есеп учаскелеріне бөлу.


Негізгі кезең - 1-30 қазан аралығында. Қазан айының алғашқы 15 күнінде интернет-сауалнама жүргізіледі, онда респонденттер өзіне және өз отбасы мүшелеріне арнайы sanaq.gov.kz сайтында Интернет арқылы санақ парақтарын өз бетінше толтыра алады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.11.2019
30.10.2019
15.08.2019
23.08.2019
12.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30