USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мұнайлы ауданында тұратын ерекше кәсіп иесі кір сабын жасайды

  • 24.қазан.2020, 12:32,
  • 480

Бүгінде Гүлзия кішігірім цехта күніне 2000 жуық кір сабын шығарып отыр.

29 жастағы көпбалалы ана Гүлзия Қойлығулова Маңғыстау-1 ауылының тұрғыны. Ол нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бизнес идеяны іске асыру бағыты бойынша оқуға қатысты. 

Бастапқыда Гүлзияның ойы балаларға арналған атракцион ашу болатын. Оқу барысында маркетингтік талдау, сұраныс деген ұғымдарды үйреніп ойын күрт өзгертеді. Ол күнделікті шығыны қай нәрсеге кететінін анықтай келе кір сабын жасау бизнесіне тоқталған.

Қажетті құрал жабдықтарын алып, сабынды шығаратын және кесетін құрылғыларын сатып алады. Бүгінде Гүлзия Атамекен ауылында орналасқан кішігірім цехта күніне 2000 жуық кір сабын шығарып отыр. Кәсіп иесі шикізатты KFC, Бархан бургер, Каспий гриль тез тамақтану орталықтармен бірлесіп келісім-шарт негізінде алып отыр. Дайын өнімдерін ауданның орталық базарына, қала супермаркеттеріне жеткізіп отыр.


Менің бір айдағы таза табысым 100 мыңға дейін жетеді. Ендігі жоспар кір сабынды кептіретін және сыртын қаптап шығаратын құрылғыларды алғым келеді. "Бастау Бизнес" жобасы арқылы осындай ерекше кәсіптің ашылуына септігін тигізгеніне риза боламын. Білікті мамандарымыздың кәсіптің негіздеріне үйретіп, бағыт бергені қуантады,- деді кәсіпкер Гүлзия Қойлығулова.


#кірсабын #кәсіп #көпбалалыана #гүлзия #мұнайлы #маңғыстау 



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.02.2020
12.12.2019
24.10.2019
05.09.2019
23.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930