MEGA сауда ойын-сауық орталықтар желісі мен «Ресей Жинақ банкі» бірлесе MEGA Plus бейілділік бағдарламасын іске қосты.
MEGA Plus бейілділік бағдарламасының негізінде толыққанды банктік өнім – көп қызметті VISA төлем картасы тұр, оны қолдану MEGA СОСО желісі мен Astana Motors автосалондарындағы саудадан балл жинауға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, MEGA Plus картасын әдеттегі банк картасы ретінде қолдана аласыз, ол тек бейілділік бағдарламасының серіктестерінен ғана емес «Ресей Жинақ банкінен» де – яғни MEGA СОСО желісінде әрбір QR-код арқылы төленген сауда құнының 1,5% көлемінде балл жинауға мүмкіндік береді. Ал, ол балдарды MEGA СОСО желісіндегі бағдарламаның серіктестерінде және Astana Motors автосалондарында тауар немесе қызметтің құнын 50%-ға дейін төлем жасауға жарата аласыз.
MEGA СОСО желісінің бас директоры Сейітжан Есмағамбетовтың айтуынша, MEGA мен «Ресей Жинақ банкі» бірлесе осы MEGA Plus жобасының тек СОО қонақтарына ғана емес, жалға алушыларға да барынша қолайлы және қолданылуы оңай болатын бейілділік бағдарламасын жасау үшін 2 млрд теңге инвестициялады.
«MEGA қонақтары сауда жасағаны үшін балл жинап қана қоймай, бейілділік бағдарламасының серіктестерінен арнайы ұсыныстар мен науқандарға қатысу мүмкіндігіне ие болады. MEGA бұл науқандар мен ұсыныстарға ешқандай комиссия ұстамайды. Оған қоса, жалға алушыларға MEGA Plus жобасына қатысу тегін, бұл өз кезегінде оларға сатып алушылармен қарым-қатынастың жаңа деңгейіне өтуіне, маркетингтік жоспар құрып, әр сатып алушыға жеке қарым-қатынас құру мүмкіндігін береді және де Astana Motors компаниясы арқылы тоғыспалы сауда жасауға жол ашады», - деді Сейітжан Есмағамбетов.
MEGA Plus бейілділік бағдарламасының аясында дебеттік және 3 айға 2 млн теңгеге дейін бөліп төлеу мүмкіндігі бар кредиттік картаның біреуін алуға болады.
«Ресей Жинақ банкі MEGA Plus бейілділік бағдарламасының серіктесі ретінде өз тарапынан ұсынған бірнеше артықшылықтарды атап өтуге рұқсат етіңіз. MEGA Plus картасын ұстаушылар MEGA СОСО желісінде әрбір QR-код арқылы төленген сауда құнынан 1,5% көлемінде бонустық балл алуға мүмкіндік береді. Оған қоса, бұл картаның шығарылымы мен алғашқы жылы қызмет көрсету әрбір тұтынушыға тегін болмақ», - деді «Ресей Жинақ банкі» АҚ ЕБ басқарма төрағасының орынбасары Алексей Акимов.
MEGA Plus сауда орталықтың қонақтарына тиімді сауда жасап, арнайы ұсыныстар алуға, сондай-ақ жалға алушыларға тұрақты сатып алушыларының санын арттырып, бизнесін дамытуға мүмкіндік береді.
Дереккөз: http://www.afk.kz