"Адамдардың жүріп-тұруына жасалған талдау барысы, тұтастай қарағанда, карантиндік шектеулерді енгізу және алып тастау мерзіміне сәйкес келеді. Мәселен, жұмыс орындарына барудың айтарлықтай бәсеңдеуі 16 наурызда басталып, бақылау мәндері тұрғысында 14% төмен болды, ал наурыздың аяғы-сәуірдің басындағы жаппай карантиннің басында жұмыс орындарына келу әдеттегі көрсеткіштен 46%-дан 55%-ға дейін ауытқыды", - деді ЕРДО болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.
Қаңтардағы көрсеткіштерге маусымның басындағы белгілі бір аралық уақыт жақын болды (жұмысқа бару - 78-80%). Содан кейін жұмыс орындарына бару қайтадан шілденің ортасындағы 60-63%-ға дейін төмендеуін жалғастырды. Одан соң бірқалыпты өсім қазіргі 74-75%-ға дейін көтерілді.
"Біз аталған қазақстандықтардың 25-26%-ы жұмыссыз қалды демейміз. Керісінше, олардың басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуге ауысты деп санаймыз", - деп нақтылады талдаушы.
Google мәліметін зерделер болсақ, олардың деректер шоғыры, COVID-19-пен күресудің жаңа шектеулеріне және басқа шараларға байланысты адамдардың мінез-құлқының қалай өзгергенін көрсетеді. Есептерде адамдардың үйлерінен қаншалықты жиі немесе сирек шығатындығы және сауда орындары, ойын-сауық орталықтары, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, саябақтар, вокзалдар және тағы басқа жерлерге баратыны көрініс тапқан.
Ағымдағы жылдың 3 қаңтарынан 6 ақпанына дейінгі және 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығындағы бақылау кезеңдерін салыстырар болсақ, мейрамханалар, дәмханалар мен сауда орталықтарына барудың 14-17%-ға, ал саябақтарға барудың 5-7%-ға төмендегені анықталады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға бару, сондай-ақ халықтың тұрғын аудандардағы қозғалысы іс жүзінде өзгерген жоқ дерлік. Ал қоғамдық көлік аялдамаларында, керісінше, бақылау қарқыны онда бару санының 27% -ға өскенін көрсетті.
#жұмыс #қазақстан #тыныстіршілігі #қашықтық