USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жалпы ішкі өнім деңгейі төмендеді

  • 25.августа.2020, 14:00,
  • 416

2021 жылға белгіленген республикалық бюджеттің шығыны кірісінен көп.

Пандемияның кесірінен Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2,9 пайызға төмендеген. Көрсеткіштің құлдырауы, әсіресе, сәуір айында байқалыпты. Бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов алдағы жылға нысаналы трансферттерді бөлу туралы жарлықты қолдауды сұрады. 2021 жылға 11, 4 триллион теңге көлемінде түсімдер болады деп жоспарланып отыр. Республикалық бюджеттің кірісттері де белгіленіп қойғанын айтады. Жоспар бойынша, тура бір жылдан кейін 6,9 триллион теңге, 2022 жылы 8,6 триллион, ал 2023 жылы 9,2 триллион теңге түсуі тиіс. Дегенмен, шығынның көлемі де аз емес дейді министр. 2021 жылы Қазақстанның бюджет шығыны бірден 14 триллион теңгені құрауы мүмкін.
РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР Ұлттық экономика министрі: "Кепілдендірілген трансфертті 2021 жылы 2,7 триллион, 2022 жылы 2,4 триллион және 2023 жылы 2,2 триллион теңге мөлшерінде айқындау ұсынылады".




#жіө #трансфер #дәленов #ұэм 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30