Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаровтың сөзінше, биылғы жылы 18 миллион астық жиналады деп күтілуде. Қазір республика бойынша 145 трактор жұмыс атқаруда. Министр элиталы тұқымның өсімімен бірге, сапасыз тұқымдардың да көрсеткіші байқалғанын айтты. Ауылшаруашылық министрі барлық өңір басшыларынан минералды тынайтқыштарын енгізу көлемін арттыруды тапсырды. Бұдан өзге, 2021 жылға 11, 4 триллион теңге көлемінде түсімдер болады деп жоспарланып отыр. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджеттің кірісттері де белгіленіп қойғанын айтады. Жоспар бойынша, тура бір жылдан кейін 6,9 триллион теңге, 2022 жылы 8,6 триллион, ал 2023 жылы 9,2 триллион теңге түсуі тиіс. Дегенмен, шығынның көлемі де аз емес дейді министр Ерұлан Жамаубаев. 2021 жылы бюджет шығысы бірден 14 триллион теңгені құрауы мүмкін дейді. Премьер министр Асқар Мамин бюджет көлемін арттыруымен қатар, диқандарды арзандатылған дизельмен қамтуын сұрады.
АСҚАР МАМИН, ҚР Премьер-министрі: "Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді. Экспорт әлеуеті де жақсы болады. Қомақты ресурстық базасы мен географиялық жағынан аса ірі өткізу нарықтары ортасында ыңғайлы орналасуы, отандық агроөнеркәсіп кешенді дамыту үшін және Қазақстан әлемдік азық-түлік қабына айналуына жағдай жасайды".
#ашм #егін #науқан #үкімет #премьер #мамин