USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді

  • 10.июля.2020, 19:30,
  • 302

Ақорданың баспасөз қызметі  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінің толық нұсқасын жариялады.

Құрметті Үкімет мүшелері және жиынға қатысушылар! 

Бүгін біз коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелерді қараймыз.

Сонымен қатар, биылғы бірінші жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз. 

Жыл басынан бері ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келеді.

Ел экономикасы жалпы 1,8 пайызға төмендеді.  

Пандемияға байланысты қызмет көрсету саласы айтарлықтай құлдырады (5,6 %).

Халықты және бизнесті қолдау үшін аса маңызды шаралар қабылдадық.

Менің тапсырмам бойынша Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар қабылданды.

Бүгін Үкімет пен әкімдердің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөнінде қабылдаған шараларын талқылаймыз.


Құрметті әріптестер!

Өкінішке қарай, қазіргі эпидемиологиялық ахуал қоғамды аса қатты алаңдатып отыр. Расында, ахуал өте күрделі. Бірақ, алғашқы оң үрдістер де байқалуда.

Өткен аптада мен Үкімет пен әкімдерге бірқатар тапсырма бердім. 

Мемлекеттік комиссия өз жұмысын жандандыра түсті. Екі апта мерзімге карантин шаралары енгізілді.

Жалпы, ахуал Мемлекеттік комиссияның бақылауында. Пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді.

Басты міндет – коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде айтарлықтай нәтижеге жету.

Індетке қарсы күрес карантин шаралары қатаң сақталған кезде ғана нәтижелі болады. Мұны шетелдің тәжірибесінен көріп отырмыз.

Ал, біздің елімізде қоғамдық тәртіп едәуір ақсап тұр.

Полиция және санитарлық дәрігерлер карантин режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Бұл халықтың денсаулығы мен азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін аса қажет.

Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады.

Себебі, олар тек өзінің ғана емес, өзгелердің де денсаулығына қауіп төндіреді. Салғырттыққа, бейқамдыққа жол бермеу керек.

Келесі маңызды міндет – толыққанды медициналық көмек көрсету және аса қажетті дәрі-дәрмектерді қолжетімді ету.

Денсаулық сақтау министрлігі   басқару ісінде бірқатар өрескел  қателіктер жіберді.

Әкімдердің көпшілігі жұмысын тиісті деңгейде атқарған жоқ. Үкімет те бақыламады.

Жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет. Бұл комиссия  қазіргі ортақ жұмысқа кедергі жасамай, тексеріс жүргізіп, маған ұсыныс беруі керек. Нужно провести расследование, всех виновных в возникших трудностях  привлечь к ответственности. Без этого никак нельзя. Нам нужно извлекать уроки и принимать меры. Что касается руководителей «СК Фармация», их нужно уволить, и, если в этом есть необходимость, провести следствие. В последнее время очень много разговоров вокруг Фонда обязательного медицинского страхования, туда нужно поставить более делового и менее гламурного человека, чтобы вокруг этого фонда не было разного рода слухов и сплетен. Со стороны Правительства должен быть анализ деятельности фонда, насколько он успешен и насколько эффективен.

Біз қазір дәрілердің жетіспеушілігі мен оның бағасын қолдан қымбаттату мәселесін шешуге мәжбүр болып отырмыз.

Бұл жағдайды тез арада реттеп, барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Жұмыс жүргізілуде. Енді нәтиже керек.

Індет кезінде осындай жолмен пайда тапқысы келгендерді қатаң жауапқа тарту қажет.

Менің тапсырмамнан кейін бұл бағытта жұмыс басталып кетті. Оны соңына дейін жеткізу керек.

Себебі, бұл – түптеп келгенде, ұлттық қауіпсіздік мәселесі.

Коронавирус індеті ұзаққа созылуы мүмкін.

Сондықтан, алдымызда аса қажетті дәрі-дәрмектердің және медициналық бұйымдардың жеткілікті қорын қалыптастыру міндеті тұр.

Бұл ретте, медициналық өнімдерді сатып алуды қатаң түрде бір орталықтан басқару қазіргідей жағдайда қаншалықты тиімді екенін де қарастырған жөн.

Сонымен қатар, «СК Фармация» компаниясын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет.

Қазақстанда дәрі мен медициналық бұйымдардың көптеген түрін өндіруді  жолға қоятын кез келді.

Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?

Өңірлерде ахуалды түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз жүргізілуде.

Халықты үрей мен қорқыныш билеген. Тіпті, олар өздеріне қажет емес дәрілерді де сатып алып жатыр.

Адамдар әлеуметтік желідегі әртүрлі күмәнді ақыл-кеңестерге құлақ асуда.

Сall-орталықтардың тәулік бойы қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп, жұмысын күшейту керек.

Беделді дәрігерлер телемедицина, телеарна және әлеуметтік желі арқылы емделудің дұрыс жолдарын үйретіп, жүйелі түрде түсіндіруі қажет.

Олай болмаған жағдайда, дүмбілез, алаяқ емшілердің күмәнді кеңестері халықтың денсаулығына кесел келтіреді.

Дәрігерлеріміздің денсаулығын сақтау, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен ынтасын арттыру – өте маңызды.

Тағы бір маңызды міндет – жұмыс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Кәсіпорындардың электрондық санитарлық құжаттарын енгізуге белсенді түрде кірісу керек.

Жеке бастың қауіпсіздігі мен саламатты өмір салтын ұстану  күнделікті міндетті дағдыға айналуы керек.

Біз пандемия басталған сәттен ашық саясат жүргізіп келеміз. Билік ештеңені жасырып отырған жоқ.

Сомнения в статистике безосновательны. Эти информационные вбросы нацелены на дестабилизацию обстановки. Я уже говорил. Мы ничего не скрываем.  Вся статистика у нас абсолютно прозрачная, чистая.

Егер статистикаға қарасақ, жағдайымыз тұрақты деп мәлімдеген елдермен салыстырғанда Қазақстандағы ахуал жаман емес.

Алайда, Үкіметтің және әкімдердің қабылданған шараларды түсіндіруінде   олқылықтар бар.

Олардың қоғам пікірімен тиісті деңгейде жұмыс істей алмай отырғаны байқалды.

Бас санитарлық дәрігердің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ. Кәсіби дағды мен ұйымдастыру жұмысы жеткіліксіз болды.

Нәтижесінде, біз гуманитарлық көмек алып, шетелдік мамандарға  кеңестері үшін алғыс айтып отырмыз.

Тағы бір кемшілік. Біз жұмыстың тәсілдерін үнемі өзгерте береміз.

Бұрынғы басшылық аяқ астынан науқастарды симптомды және симптомсыз деп бөлу керек деп шешті.

Қазір бұл әдістемеден бас тарттық. Міне, осындай әрекеттер халық арасында күмән туғызады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұмысына да біздің аса көңіліміз толмайды. Оның медициналық хаттамасы тұрақты емес. Үнемі өзгере береді. Сондықтан, тиімділігі күмән туғызады. Мысалы, Sars не болмаса  Эбола дерті өршіп тұрған кезде бұл ұйымның қабылдаған шешімдері әлдеқайда оңтайлы және тиімді болған.

Індет жұқтырғандар мен қайтыс болғандар көбейгенімен, аурудан жазылғандардың саны да артып келеді. Бұл дәрігерлердің ерлікке барабар еңбектерінің арқасында жүзеге асып отыр.

Денсаулық сақтау жүйесі мұндай ауыр сынаққа толық дайын болмаса да, пандемиямен бетпе-бет келді.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы уақыттың жеткілікті болғанына қарамастан, індетпен күреске тиісті деңгейде әзірлене алмады.

Науқастар саны және басқа да көрсеткіштер бойынша олардың жасаған барлық болжамдары қате болды.

Бұл мәселеге қатысты Үкімет тарапынан да өрескел қателіктер жіберілді. Мұны ашық айту керек.

Дағдарыс кезінде цифрландыру қызметінің де рөлі мүлде байқалған жоқ. Цифрлық комиссарлар қандай жұмыс бітіріп жатыр?

Бұл төтенше жағдай болғандықтан, пандемияға қатысты барлық шешімдерді жедел қабылдауымыз керек.

Денсаулық сақтау министрінің ұсыныстары мен талаптары Үкіметтің өзге мүшелері мен әкімдер үшін бірінші кезекте орындалатын міндет болуға тиіс.

Бір сөзбен айтқанда, пандемия кезінде Денсаулық сақтау министрін ерекше мәртебеге және құзіретке ие деп есептеңіздер.

Министрлікке пандемиямен күрес жөніндегі күнделікті есептің және ақпараттың берілуін қамтамасыз етуді  Үкімет пен әкімдіктерге тапсырамын.

Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды.

***

Енді елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын талқылауға көшейік.

Негізгі көрсеткіштер Премьер-Министр Асқар Ұзақбайұлы Маминнің баяндамасында айтылды.


Дағдарысқа қарсы тиісті экономикалық шаралар қабылданды.

Сонымен бірге, кейбір шаралардың тиімділігін әлі де жетілдіру қажет.

Бүгін біз осы мәселені қарастырамыз.

Ең алдымен, қорды ретімен пайдалану туралы.

Қаржыны нақты пандемиямен және экономикалық дағдарыспен күреске бөлу керек.

Қаражаттың жұмсалуын Есеп комитеті тексеретін болады. Президент Әкімшілігі  осы мәселені қатаң бақылауда ұстауға тиіс.



#экономика #төмендеді #ақорда #президент #тоқаев #нұр-сұлтан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.05.2020
19.03.2020
06.12.2019
25.09.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930