11 сәуір 2025, 13:39
USD 515.18
EUR 570.66
RUB 6.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ұлттық банк күтілген шешім қабылдады

  • 10.желтоқсан.2019, 14:09,
  • 473

Базалық ставка жылдық 9,25% деңгейінде сақталды деп Қазақстандық қаржыгерлер ассоциациясына сілтеме жасап, halqym.kz хабарлайды

Кеше Ұлттық банк жылдық 9,25% деңгейінде (+/- 1 тармақша) базалық ставканы сақтау туралы шешім қабылдады. Осыған қоса ҚРҰБ баспасөз релизінде инфляцияның төмендегені және  4-6% мақсатты аралық шегінде қалғаны туралы, сондай-ақ экономика өсімі Ұлттық банкпен 2019 жылы 4,2% деңгейінде және 2020 жылы бұдан әрі баялаулаумен 3,8% деңгейінде бағаланатыны туралы хабарланған. Сыртқы жағдайлар салыстырмалы түрде нейтралдық сипатқа ие, ал сыртқы монетарлық жағдайлар инфляциялық фонның жұмсаруына септігін тигізеді. Сонымен қатар ағымдағы ақша-несие жағдайы әлсіз тежейтін сипаттамамен бағаланады. Жалпы алғанда, реттеушінің осындай шешімі  күтілген болатын. Осылайша, ҚҚА сұралған сарапшыларының басым бөлігі (78%) базалық ставканың ағымдағы деңгейде қалатынын болжаған. Осыған байланысты доллар құнының кешегі өзгерістері KASE-те минималды болды. USDKZT жұбы бойынша бағам 33 тиынға , 1 доллар үшін 385,62 теңге дейін өсті. 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930