USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда тірі малды экспорттауға тыйым салынды

  • 20.қантар.2020, 16:30,
  • 491

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ет өнімдерінің бағаның өсуіне байланысты тірі ал экспортын тоқтатты.

Өткен жылы Қазақстаннан шетелге 156 мың бас ірі қара мал, 264 мың бас қой шығарылған.

Ұсақ мүйізді малдың басым бөлігін, яғни 200 мыңнан астамы (76%) Өзбекстан мемлекетіне, 21,5 мың бас (8,1%) Ресей Федерациясына, 18 мың бас (6,7%) Әзірбайжан, шамамен 12 мың бас (4,5%) Иран еліне тасымалданған.

2019 жылы қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары өз қуатын толық пайдалана алмаған. Олардың толық жұмыс істемеунің негізгі себебі тірі малдың жаппай экспортының салдарынан шикізат тапшылығы болып отыр.

"Осыған байланысты, Ауыл шаруашылығы және ҚР Қаржы министрліктерінің 2019 жылғы 21 қазандағы «ауыл шаруашылығы жануарларын шығарудағы кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Айта кетсек, аталмыш бұйрық тек аналық мал басының экспортын уақытша шектейтін. Бұл өзгерістер барлық ірі қара мал мен ұсақ мүйізді малдың жыныстық-жастық топтары бойынша тірідей басын өзге елдерге шығаруға (экспорттауға) толық тыйым салады",-делінген хабарламада.

скачать dle 12.0
Фото авторы : holanews.kz
Тағы да оқыңыздар:
26.12.2019
09.11.2019
12.10.2019
24.09.2019
19.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930