USD 538.33
EUR 626.99
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ресей «Зенченко және К» компаниясынан экспорттық шектеуді алып тастады

  • 12.қазан.2019, 14:04,
  • 508

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық бірқатар компания өнімдерінің Ресейге экспортталуына салынған тыйым алынып тасталды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Атап айтқанда, «Зенченко және К», «J.F.M. company» және «Айсберг ПВ» ЖШС өз өнімдерін РФ-ға қайта экспорттай алады. Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей ауылшаруашылық бақылау қызметі «Зенченко және К» компаниясының өнімінен ішек таяқшасын анықтағанын мәлім еткен еді. Осыған байланысты биылғы жылдың 5 қыркүйегінде өнімдерді Ресей Федерациясының аумағына кіргізуге тыйым салынды. Сондай-ақ, Ресей ауылшаруашылық бақылау қызметі тағы екі компанияның дайын өнімдерінің құрамында жеке көрсеткіштер артық болғанын мәлімдеген болатын. Алайда қазақстандық және Ресей Федерациясының дербес зертханаларынан ешқандай заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР ҚР Сауда және интеграция министрлігі Еуразия экономикалық комиссиясы алқасына аталмыш мәселені комиссия алаңында шешу мәселесі бойынша жүгінуге мәжбүр болған. «Биылғы жылдың 9 қазанында қазақстандық тараптың ресейлік әріптестерімен өткен консультациясының қорытындысы бойынша қойылған шектеуді алып тастау шешімі қабылданды», - деді министрліктен.


Қайнар көзі: https://www.inform.kz/

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.10.2019
26.08.2019
19.06.2019
29.05.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031