USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жомарт Ертаев кінәсін мойындады

  • 06.қантар.2020, 11:00,
  • 428

Экс-банкир Жомарт Ертаев Bank RBK банкіндегі жымқыру ісі бойынша басты сот тыңдауында өз кінәсін мойындады.

"Толық мөлшерде кінәмді мойындаймын", - деді Ертаев мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін. 


Айта кетейік, осы істе 46 эпизод пен 700 том бар. Айыптау актісі 3600 парақтан тұрады, бірақ прокуратура тек 280 бетін оқыды. 


Жомарт Ертаев Bank RBK-дан қызметтік бабын асыра пайдаланып, басқа да тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы 144 миллиард теңге жымқыруды ұйымдастырды деп айыпталды. Тергеу мәліметінше, қылмыс 2011-2017 жылдары аралығында жасалған. 


Сотталушылар саны - 37, олар осы іске қатысы бар деген күдікке ілінген. Негізгі фигурант - бұрынғы банкир Жомарт Ертаев. Сондай-ақ, осы іс бойынша Bank RBK бұрынғы басқарма төрағалары Игорь Мажинов және Марпу Жакубаева бар, сонымен қатар Qazaq banki акционері Бахыт Ибрагим де бар. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : Жомарт Ертаев
Тағы да оқыңыздар:
28.10.2019
09.08.2019
30.07.2019
12.07.2019
26.06.2019
Jýsan Bank және First Heartland Bank бірікті

Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы сайтының хабарлауынша 2019 жылдың 27 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында "First Heartland Bank" АҚ-тың "First Heartland Jýsan Bank" АҚ-қа қосылуы туралы шешім қабылданды.

ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031