USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақмола облысында жоғалып кеткен табын gps-треккерлер арқылы табылды

  • 19.қараша.2019, 00:45,
  • 580

GPS-треккерлердің көмегімен Ақмола облысында жоғалып кеткен 100-ден астам жылқыдан тұратын табынның орналасқан жері анықталды деп хабарлайды www.inform.kz ақпарат агенттігі.

Аймақ полициясы департаментінің материалдары бойынша, 2019 жылғы 14 қарашада Зеренді полиция бөлімшесіне крестьяндық шаруашылықтың басшысынан 100-ден астам жылқының жоғалғаны туралы телефондық хабарлама келді. Хабарлаған адам жоғалған табынның бір бөлігі Зеренді ауданының Баратай ауылының тұрғындарына, қалған бөлігі крестьяндық шаруашылыққа тиесілі екенін түсіндірді. Бастапқыда ауыл тұрғындары өздерінің күштерімен іздеу жұмыстарын бастады. Алайда іздеу жұмыстары ешқандай нәтиже бермегеннен кейін, кешкі 17.00-ден кейін ауыл тұрғындары полицияға арызбен келді. Іздеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін 4 мобильді топ жасақталды, олар дала ішінде автокөлік арқылы іздеу жұмыстарын өткізді. Табын жоғалған орыннан 15 км қашықтықта, Зеренді ауданының Жолдыбай ауылының қасынан табылды.

Жылқылардың нақты орнын табуда спутник мониторинг жүйесі өз көмегін көрсетті. Кішігірім gps-треккерлер бірнеше жылқыға орналастырылған екен, бұл жағдай табынның орналасқан жерін анықтауға көмектесті.

Осындай бір жағынан қарастырсан қарапайым, бірақ барлық шаруашылықтарда қолдана берілмейтін технологиялық шешімдерді қолдану қалыпты жұмыс, бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі бола алады. Осылайша, біртіндеп қарапайым технологиялық шешімдерден күрделі технологияларға көшіп, технологиялық даму деңгейін жоғарылатудың бірден бір жолы.   



скачать dle 12.0
Фото авторы : kokshetau.asia
Тағы да оқыңыздар:
11.11.2019
18.11.2019
13.11.2019
08.08.2019
12.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930