USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

57 мың адамның несиесі өтеледі – Нұрымбетов

  • 26.қараша.2019, 22:00,
  • 395

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қаржы мәселесі шешілсе 57 мың адамның несиесі өтелетінін мәлім етті.

"Өздеріңіз білетіндей, Президенттің тапсырмасы бойынша несиелік жеңілдіктерге бес санаттағы адамдар ие болған еді. Бұл бір мезгілдік акция. Ресми нормативті құқықтық құжаттарға сүйенер болсақ, ол акция 5 қыркүйекте біткен. Дегенмен, өздеріңіз білетіндей, көптеген азамат бізге хабарласты. Қабылдауды тоқтатып жатқан жоқпыз", - деді Біржан Нұрымбетов Үкіметтің баспасөз орталығында.


Министр сонымен бірге бұл мәселеде туысқандық қатынасты дәлелдейтін құжаттардың ресми деректер қорында болмауы кедергі келтіріп тұрғанын айтып өтті.


"Сондықтан, ол кісілерге бұл мәселені реттеуге көмектестік. Екі ай бойы осы жұмыс істедік. 1 қарашаға дейін соның бәрін жасап, қосымша 57 мыңға жуық азаматты осы несиелік жеңілдікке құқығы бар адам ретінде белгіледік. Шарадан тыс көмекке ұсыныс жасап, тиісті қаражатты бөлу әрекетін жасадық. 9,4 миллиард теңге. 1 қарашаға дейін құжаттарын реттеген 57 мың адамның жылдың аяғына дейін қаржылық мәселе шешілсе, несиесі өтелетін болады", - деді Біржан Нұрымбетов Үкіметтің баспасөз орталығында.



скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
23.10.2019
23.10.2019
07.10.2019
23.08.2019
29.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930