USD 504.34
EUR 556.34
RUB 5.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Астанада қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұлғайту үшін POS-терминалдар енгізіледі

  • 10.қазан.2019, 13:54,
  • 435

Елорда әкімі А. Көлгінов, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директоры С. Әйтекенов және Mastercard өкілі Н. Виллеме «Ақылды қалалар, ақылды бағыттар» қалалық туризмі бойынша UNWTO VIII Жаһандық саммиті аясында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуді талқылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.



Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұлғайтып, елорданың сауда орындарында кассалық аппараттардың болуын бақылауға алуды тапсырған болатын. Мәселен, Mastercard халықаралық төлем жүйесі әкімдікпен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп туристік нысандарда (кафе, мұражайлар, галереялар, көрмелер және т.б.)қызметтер мен сервисті кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде. Көрсетілген қызметтерді қолма-қол ақшасыз есеп айырысу есебінен төлеуге болады. Қосымша POS-терминалдар орнатылады.


 Қайнар көзі: https://www.inform.kz/

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.11.2019
25.09.2019
08.08.2019
09.08.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930