Айта кетсек, бұған дейін Оман мұнай министрі Мұхаммед әр-Румхи үш мемлекет, оның ішінде Қазақстанның келісім бойынша міндеттемелерін орындамау қаупі бар екенін мәлім еткен еді. Бұл тұспалға қатысты ҚР Энергетика министрлігі жауап берді. «Қазақстанның мұнай өндірісі бойынша ағымдағы міндеті – тәулігіне 1,86 млн баррель. 2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша, мұнай өндірісінің тәуліктік көлемі 1,796 млн баррельді көрсетті. Яғни, Қазақстанда мұнай тәулігіне міндеттемеден 64 мың баррельге аз өндірілуде. 15 айдың қорытындысы бойынша (2019 жылдың қаңтары мен 2020 жылдың наурызы) орташа тәуліктік мұнай өндірісі тәулігіне 1,85 млн баррельді құрады. Осылайша, Қазақстан аталмыш келісім бойынша барлық міндеттемені толығымен орындауды көздейді», - делінген хабарламада Министрліктің мәліметінше, Қазақстанның өз міндетттерін толық орындайтынын энергетика вице-министрі М.Жүребеков 12 қыркүйекте ОПЕК+ (JMMC) Келісімінің Министрлік мониторингтік комитетінің 16-шы отырысында мәлім еткен.
Қайна көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstan-opek-kelisimi-boyynsha-mindettemelerin-oryndap-otyr_a3567317