USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы диқандарға не ұсынады

  • 30.қыркүйек.2019, 12:22,
  • 386

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлеріне «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ұсынатын қызметтер таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«Астана» Халықаралық қаржы орталығы департаментінің директоры Мұхаметқали Тауанның айтуынша, көпшіліктің АХҚО жұмысы туралы түсінігі жеткіліксіз. «Бүгін келушілерге АХҚО-ның құрамына қалай кіруге болатынын айтып береміз. Жиында орталықтың артықшылығы туралы біліп-естіген кез келген кәсіпкер кейін өтініш жазса жауапсыз қалдырмаймыз. Кейбірінде АХҚО-ға тек ірі бизнес өкілдері қабылданады деген түсінік қалыптасқан. Біздің мақсат – осы ұғымды жою» - деді Мұхаметқали Тауан. Оның айтуынша, АХҚО инвесторларға ыңғайлы болу үшін бар жағдайды жасаған. Кейбір шетелдік инвесторларға Қазақстанның заңнамасы түсініксіз болып, қаупін тудыруы мүмкін. Орталық бұл мәселені шешуге көмектеседі. «Англия мен Уэльстің құқық қағидаты бойынша құрылған құқықты қолдану шетелдік инвесторлар үшін қолайлы. Ол ғаламдық инвесторлардың 86% түсінікті», - дейді М. Тауан. Солтүстік Қазақстан – негізінен аграрлы аймақ. АХҚО диқандар үшін де тиімді болуы мүмкін. «АХҚО арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер де бірнеше жолмен инвестиция тарта алады. Соның ішінде орталықтың биржасы арқылы инвестиция тарту мүмкіндігі бар. Яғни, бағалы қағаздарды шығару, ислам облигацияларын, стартап жіберу. Ол үшін бірден АХҚО юрисдикциясына негіздену қажет емес. Диқанның облыс аумағында кәсіпорны, АХҚО-да холдингтік компаниясы болуы мүмкін. Сонда ол АХҚО-ның барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Мәселен, экспат-орталық деген бар. Ол «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеп, 500-ден астам мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Бұдан басқа, АХҚО-да жеңілдетілген визалық және еңбек тәртібі бар, салықтан босатылады. Тағы бір басты артықшылықтың бірі – жергілікті бизнес өкілі халықаралық арбитражды орталық пен сотта өзінің даулы мәселелерін шеше алады», - дейді Мұхаметқали Тауан. Индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Арман Оразғұловтың пікірінше, АХҚО солтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырады. Өңірде жылдан-жылға инвестиция көлемі артып келеді. Биыл ол 122,5 млрд теңгені құрады. Облыс ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудан ел бойынша көш бастап тұр. ҚР Президентінің тапсырмасына орай еліміз шикізатты экспорттаудан бас тартпақ. Биыл өңделген өнім көлемі 23% артып, 132 мың тоннаға жетті. Өңірде шетелдік инвесторлардың қатысуымен бірнеше жоба жүзеге асып жатыр. Бидайды терең өңдейтін «KazMeal» кәсіпорын іске қосылды. Майлы дақылдардан сұйық май шығаратын «Тайынша май» зауытының жұмыс істеп жатқанына ондаған жыл.


Қайнар көзі: https://www.inform.kz 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.08.2019
23.07.2019
09.08.2019
04.07.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031