USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Дизель бағасы қымбаттап жатыр

  • 12.қазан.2021, 15:06,
  • 224

2021 жылы дизель отынының күтілетін өндірісі 2015 жылдан бастап ең жоғары болып отыр және 4,9 млн.тоннаны құрайды. Сонымен қатар, биыл өндіріске АМӨЗ-дің жыл басындағы жоспардан тыс тоқтауы әсер етті. АМӨЗ ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша бекітілген жоспардан 239 мың тоннаға аз өндірді, деді ҚР Энергетика министрлігінің Газ және мұнайгазхимия департаментінің директорының орынбасары Дәурен Әбілқайыров.

Оның сөзінше, ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында дизель отынын өте көп тұтыну (шамамен 520 мың тонна) тіркелді. Бұған Қазақстанның ішкі нарығындағы төмен бағалар ықпал етті.


Дизель отынына төмен бағалар ағымдағы жылдың тамыз айының басынан бастап ЖЖМ-ның осы түрінің қоры күрт төмендей бастады. Мәселен, егер тамыз айының басында бізде дизель отынының шамамен 250 мың тонна қоры болса, қыркүйек айының соңына қарай дизель отынының қоры 200 мың тонна деңгейінде болды.


Импорт жазда 26 мың тоннаны құрады.


Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша дизель отынының орташа бағасы литріне 188 теңгені құрады. Айта кету керек, ұқсас баға 2020 жылы да болған, 2019 жылы орташа баға жоғары, яғни литріне 193 теңгеге тең болған.


2019 – 2020 жылдары қысқы дизель отынының бағасы литріне 255-270 теңге диапазонында болды.


"Қазіргі уақытта дизель отынына бағаның өсуі байқалуда, маусымаралық дизель отыны бағасының ағымдағы диапазоны литріне 214-330 теңгені құрайды. Баға ахуалының тұрақтануына қарай бағалар бойынша дәліздің тарылуы күтілуде", - деді ол.


Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар:


- автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынды;


- а.ж. сәуір айынан бастап дизель отынының экспорты тоқтатылды;


- "АМӨЗ" ЖШС-ын жоспарлы жөндеу 2022 жылға ауыстырылды;


- "АМӨЗ" ЖШС мен "ПҚОП" ЖШС-ы 100 мың тонна қосымша мұнай көлемімен жүктелді - қосымша 29 мың тонна дизель отыны;


- "ПМХЗ" ЖШС-ның мұнайды бастапқы өңдеу кешенін жөндеу мерзімі ауыстырылды – а.ж. қазанның бірінші онкүндігінде қосымша 30 мың тонна дизель отыны;


- РФ МӨЗ-нен дизель отынын тиеп-жөнелтуді жандандыру: 01-20 қыркүйек аралығында - 5,3 мың тонна; 21-30 қыркүйек аралығында - 38,2 мың тонна; 01-10 қазан аралығында - 22,2 мың тонна.


01 қыркүйектен қазанның 1 онкүндігіне дейін барлығы - 65,7 мың тонна (РФ-тан импорт) (оның шекара арқылы импорт ретінде қыркүйек айында 17 мың тонна, ал қазан айының 8 күнінде 32 мың тонна дизель отыны өткен)


11 қазандағы жағдай бойынша дизель отынының жалпы қалдығы 214,9 мың тоннаны құрайды, оның ішінде ҚР МӨЗ-де 38,7 мың тонна, мұнай базаларында 123,4 мың тонна.


Қабылданған шараларды ескере отырып, сондай-ақ ағымдағы жылдың қазан айында 330 мың тонна көлемінде дизель отынын өндіруді (қазанның 1 онкүндігінде 130 мың тонна өндірілді) және 80-100 мың тонна көлемінде импорттық жеткізілімдерді ескере отырып, ішкі нарықты тұрақтандыру күтілуде.


Бір ай бұрын, 2021 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша мұнай базаларындағы қалдық 128,3 мың тоннаны құрады және мұндай жоғары сұраныс болған жоқ.


Осыған байланысты, дизель отынының қолда бар қорларын жедел мониторингілеу үшін Министрлік еліміздің барлық мұнай базаларын Автоматты деңгей өлшеуіштермен жабдықтау қажеттілігі мәселесін көтерді, олардың деректері ЖЖМ қалдықтарының деңгейін нақты уақытта қадағалауға мүмкіндік береді.


Сондай-ақ, Қаржы министрлігі ҚМА және БҚДА-мен (келісім бойынша) бірлесіп ірі мұнай базаларында дизель отынын өткізуді жасанды шектеу тұрғысынан тексеру жүргізу мәселесі пысықталуда.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.10.2021
03.09.2021
21.06.2021
24.08.2020
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930