USD 442.05
EUR 474.14
RUB 4.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елдегі инфляцияға не әсер етіп жатыр?!

  • 09.желтоқсан.2021, 10:57,
  • 97

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Қазақстандағы инфляция туралы айтып, 2022 жылға қатысты болжамдарын ұсынды. 

"Қазақстанда биылғы жылғы қарашаның қорытындысы бойынша жылдық инфляция 8 айда алғаш рет азық-түлік инфляциясының 11,3%-дан 10,9%-ға дейін, сондай-ақ ақылы қызметтердің 6,9%-дан 6,4%-ға дейін баяулауы аясында 8,9%-дан 8,7%-ға дейін баяулады. Қарашада айлық инфляция 0,7% болды және 5 жыл ішінде орташа мәннен төмен қалыптасты", - деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев.


Ол биылғы жылғы қарашаның соңынан бері коронавирустың "Омикрон" жаңа штаммының таралуынан және әлемде өсіп келе жатқан геосаяси шиеленістен туындаған жоғары белгісіздік аясында әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы құбылмалылық өскенін атап өтті.


"Әлемнің ірі экономикаларындағы инфляция жаңа ең жоғары деңгейге жетті. Биылғы жылғы қазанның қорытындысы бойынша АҚШ-та инфляция 6,2%-ға дейін 30 жылдық ең жоғары деңгейге жетті, Ресейде инфляция 5 жылдық ең жоғары деңгей – 8,1%-ға дейін өсті. Еуроаймақта қарашада инфляция еуро енгізілген кезден бастап ең жоғары деңгей – 4,9%-ға жетті", - деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев.


Инфляцияның жылдық баяулауын және коронавирустың Омикрон жаңа штаммының пайда болуына байланысты белгісіздіктің өсуі аясында  Ұлттық банк биылғы жылғы 6 желтоқсанда базалық ставканы 9,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. 


«Қараша-желтоқсан» болжамды раунды шеңберінде Ұлттық банк негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдарын жаңартты. 2021 жылы жоғары базадан шығуды және сыртқы инфляциялық қысымның біртіндеп қысқаруын ескерсек, 2022 жылы шарықтау шегі бірінші тоқсанда орташа есеппен тоқсан ішінде 8,8% болжанатын инфляцияның баяулауы күтіледі.


"Жаңартылған базалық сценарийге сәйкес мұнай бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ доллары болған кезде инфляция 2022 жылдың соңына таман инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асыруды ескере отырып, 6,0-6,5% болады", - деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.10.2021
12.10.2021
11.08.2021
17.02.2021
09.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031