Қазақстандағы инфляция маусымдағы 7,9%-ға дейін күрт артқаннан соң да өсуін жалғастырды және шілдеде 8,4%-ға жетті, бұл - 2017 жылдан бергі ең жоғары деңгей. Азық-түлік нарығындағы теңгерімсіздіктің, шикізатқа әлемдік бағаның өсуінің жалғасуы мен негізгі сауда серіктестері, әсіресе Ресейдегі инфляцияның жоғары фонында инфляцияның үдеуі тұрақты сипатқа ие болуда, -деді Досаев үкімет отырысында.
Ұлттық банкі басшысының айтуынша, бағаның жыл сайынғы өсіміне қосалатын үлестің жартысынан көбі әлі де азық-түлік инфляциясына қатысты, жаз айларында әдеттен тыс көкөністердің кейбір түрлерінің өсімі салдарынан шілдеде азық-түлік инфляциясы 10,6% -дан 11% -ға дейін өсті. Одан бөлек ет пен өсімдік майының қымбаттауы да қосымша қысым түсіріп отыр.
Азық-түлікке жатпайтын инфляция 6,9% -дан 7,2% -ға дейін көтерілді, бұл ұзақмерзімді тауарлар мен жанар-жағармай бағаларының тез өсуімен байланысты орын алды. Ақылы қызметтердің инфляциясы коммуналдық қызметтерге тарифтердің жоғарылауы мен жекелеген нарықтық қызметтерге қатысты бағаның жоғарылауына байланысты 5,6% -дан 6,1% -ға дейін өсті, - деді Ерболат Досаев.
Азық-түлік, жанар-жағармай бағасының күрт артуы, электр энергиясының қымбаттауын, бюджеттік ынталандырудың күшеюін және инфляциялық күтулердің жоғарылауын ескере отырып, Ұлттық банктің алдын ала бағалауы бойынша, 2021 жылдың соңына дейін инфляция дәлізі 6-7% құрайы деп күтілуде. Жаңартылған болжамдар биылғы жылдың тамыз-қыркүйек айларында болатын болжамды кезең шеңберінде ұсынылады, - деді Ерболат Досаев.
Инфляциялық процестерді айтарлықтай жеделдеуі жағдайында жүргізіліп жатқан ақша-несие саясаты шеңберінде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк 26 шілдеде базалық сыйақы мөлшерлемесін 25 б.п-ға - 9,25% дейін көтеру туралы шешім қабылдады, - дейді ол.