USD 514.5
EUR 582.67
RUB 6.35
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ерболат Досаев теңгеге жасалып жатқан қысым жайында айтты

  • 10.қараша.2021, 12:26,
  • 159

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында мұнай бағасының өсуі аясында теңгенің әлсіреуін түсіндірді.

"Мұнай бағасының 7,5%-ға, барреліне 84,4 долларға дейін өсуіне қарамастан, ұлттық валюта бір айда экономикалық белсенділіктің қалпына келуі және жалғасып жатқан фискалдық импульс аясында 0,3%-ға, бір долларға шаққанда 427,15 теңгеге дейін әлсіреді", - деп хабарлады Досаев.


Сондай-ақ, оның айтуынша, бизнес пен халық тарапынан сұраныстың өсуі аясында ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Ресей тауарларының импорты ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы 2,4%-дан жылдық мәнде 36,1%-ға дейін жеделдеді. Бұл қазан айында рубльдің 6,05 теңгеге дейін немесе 3,4%-ға көтерілуіне әкелді.


Сонымен қатар, спикер базалық мөлшерлеменің артуы теңгедегі борыштық құралдардың тартымдылығын сақтайтынын атап өтті, бұған бейрезиденттердің мемлекеттік құнды қағаздарға қазан айында салған салымдары көлемінің 75 млрд теңгеге, 863 млрд теңгеге дейін өскені дәлел.


"Шетелдік инвесторлар тарапынан шетел валютасын қосымша ұсыну нарықтың өтімділігін жақсартуға және сұранысты ішінара қанағаттандыруға ықпал етеді. Импорттың өсуі жағдайында валютаға тұрақты сұраныс, оның шектеулі ұсынысы және сыртқы нарықтардағы құбылмалылық теңге бағамына қысым көрсетуді жалғастырады", – деп түйіндеді Ұлттық Банк басшысы.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.10.2021
25.10.2021
12.10.2021
11.08.2020
26.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031