USD 498.51
EUR 522.84
RUB 4.81
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Теңгенің құнсыздануының себебі қандай?!

  • 12.қазан.2021, 11:36,
  • 240

2021 жылдың қыркүйегінде ұлттық валюта шамалы құнсызданды. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді.

Досаевтың айтуынша, мұнай бағасының айтарлықтай өсуіне қарамастан, ішкі валюта нарығында өсіп келе жатқан сұраныс теңгенің айырбастау бағамына қысым көрсетуде.


"2021 жылғы 9 айда биржада екінші деңгейдегі банктердің сатып алуы 19%-ке ұлғайды және 2021 жылғы 7 айда тұтыну тауарлары импортының 25%-ке ұлғаюы аясында орташа алғанда айына 2,6 млрд АҚШ долларына жетті. Фискалдық ынталандыру және зейнетақы жинақтарын пайдалану да импорттың ұлғаю және шетел валютасына сұраныстың өсу факторлары болып табылады", - дейді ол.


Оның айтуынша, бюджетке трансферттерді жүзеге асыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатуы үшін Ұлттық қор қаражатын конвертациялау операциялары бір ай ішінде теңгеге қолдау көрсетті. Биылғы жылғы 9 айда квазимемлекеттік сектор компаниялары валюталық түсімді 2,3 млрд АҚШ доллары сомасына сатты.


"АҚШ долларының жаһандық нығаюы дамушы елдердің валюталарына, оның ішінде теңгеге де қысым көрсетуін жалғастыруда. Нәтижесінде, мұнай бағасының бір баррель үшін 78,52 АҚШ долларына дейін 7,6%-ке айтарлықтай өсуіне қарамастан, бір айда ұлттық валюта бір АҚШ доллары үшін 425,75 теңгеге дейін 0,1%-ке әлсіреді. 11 қазандағы жағдай бойынша айдың басынан бастап 0,3%-ке нығайып, бір АҚШ доллары үшін 424,55 теңге болды", - деп сөзін түйіндеді Досаев.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.07.2021
13.07.2021
07.07.2021
09.06.2021
11.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930