USD 519.57
EUR 612.78
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан-Қытай шекарасы ашылады ма?

  • 05.қараша.2021, 16:04,
  • 168

Сауда және интеграция Вице-министрі Ержан Қазанбаев Қытайдың неге өз шекарасын ашпайтынын түсіндірді.

Оның айтуынша, негізгі себеп – коронавирус бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай.


– "Келіп түсетін тауарларды екі, кейде үш рет тазарту процесі жүреді. Осыған байланысты жүктер шекарада ұзақ уақыт тұр. Бизнеске көмектесу үшін біз Қытай тарапынан серіктестерімізбен тұрақты негізде келіссөздер жүргіземіз. Қандай да бір заттар бойынша біз өз тауарларымызды жеткізуді барынша қысқа мерзімде жүзеге асыру үшін уағдаласуға тырысамыз. Әлемде COVID-19 бойынша жағдай жақсармайынша, шекара жабық болуы мүмкін", – деді Ержан Қазанбаев ОКҚ брифингінде.


Оның айтуынша, әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде Қытай өз шекарасын аша бастайды.


Бұған дейін журналистер Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтен Қытай шекарасының жабылуына байланысты жаңа жыл қарсаңында азық-түлік тауары бағасы қымбаттай ма деп сұраған еді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.11.2021
13.10.2021
12.10.2021
01.10.2021
28.07.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031